Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер берілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамту мәселесі іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін баспаналары тұруға жарамсыз болып қалған Пристань ауданының екі отбасына пәтерлердің кілті табысталды. Сеит және Сандуғаш Жұмаділовтер мен Марат Зайкеновтер отбасына қаладағы Жас Алаш, 6А мекенжайында жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйден 2 және 3 бөлмелі пәтер берілді.

Қала әкімі Ермак Сәлімов тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

«Бүгінгі күні су басқан аудандарда баспаналарды қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Пристань және Затон аудандарында 205 үй зардап шекті. Оның ішінде 9-ы апатты деп танылды. Бүгінгі күні 8 тұрғын жаңа үйге қоныс аударып үлгерді. Ол баспананы өздері таңдады. Үйлер республикалық бюджет есебінен сатып алынды. Ал Бобровка саяжайындағы үйлерді әкімшілік бюджеттен тыс қаражатқа жөндеп беріп жатыр»,-деді Ермак Сәлімов.
null 

Айта кетейік, жалпы көктемгі су тасқынынан 204 баспана бүлінді. Оның 110-ы Бобровка саяжайында. Зардап шеккен үйлерді жөндеуге республикалық қазынадан 371 млн теңге, ал жаңа баспаналар сатып алу үшін 58 млн теңге бөлінді.

null 

Соңғы жаңалықтар