Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек картасы таратылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Қазақстан Қызыл жарты ай» қоғамы мен Болат Өтемұратов қоры тасқын судан зардап шеккен семейліктерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Көмек картасы алдымен үйі толығымен қирап қалған азаматтарға берілді. Содан кейін оны жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, көпбалалы аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар алды. Барлығы 81 отбасы. Таратылған картаның жалпы құны 9 млн 660000 теңге.

«Бүгін 322 адам көмекке қол жеткізді. Көмек қаржы «ForteBank» көмек карталары арқылы берілді. Бір картаға аударылатын сома 30 мың теңгені құрайды. Бұл қаржыға тұрғындар ең қажетті заттардың барлығын сатып алуға болады»,-дейді «Қазақстан Қызыл жарты ай» қоғамының төтенше жағдай бойынша үйлестірушісі Руслан Хрущев.

Бұған дейін қос ұйым бірігіп су тасқынынан зардап шеккен Аягөз ауданына 17 040000 теңге қаржы бөлсе, Глубокое ауданына 10 410000 теңге, Шемонайха тұрғындарына 5 200000 теңге бөлінген.

null null null 

Соңғы жаңалықтар