Семейде су тасқынынан қорғану шаралары жасалуда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі көктемгі су тасқынына дайындық қызу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ШҚО әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Мадьяров, «Ертіс» бассейндік инспекциясының жəне «Қазселезащита» мамандары және гидрологтар құрамына кіретін комиссия мүшелері Семей қаласынан бастап Павлодар облысының шекарасына дейінгі мұз қабатына тексеруді жүргізді.

Мамандар Семей маңындағы Старой Крепость, Стеклянка, Бірлік, Долон жəне Семиярка аудандарында өзендегі мұздың қалыңдығын өлшеді. Бүгінде мұздың орташа қалыңдығы 45-50 см.

Кейбір учаскелерде мұз енді еріп жатыр. Бірақ мұз кептелісі жоқ. Өзенді тексеру жұмыстары тек жерден ғана емес, төбеден де бақылануда. Судан құтқарушылар квадроптермен қиын орындарда визуалды тексеру жүргізді.

«Комиссияның тексеру жұмыстарының қортындысы бойынша акт толтырылады. Ол Семей қаласы жəне Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі. Құжатта әкімдіктерге су тасқынының алдын алуға жəне мұз кептелістерін болдырмауға бағытталған бірқатар ұсыныстар дайындалған», - деді ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Мадьяров.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай ішінде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Алтай, Шемонаиха, Бородулиха, Күршім барлығы 17 ауданда алдын-алу жарылыс жүргізілді.

Ал бұл жұмыстар Бесқарағай ауданында мереке күндерінен кейін жоспарланған. Семей қаласының маңында алдын-ала жарылыс қажет болғанда жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар