Семейде су тасқынына дайындық жұмыстары басталды

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Cемей қаласында су тасқынына дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінде су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша жиналыс өтті.

Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов коммуналдық қызметтерге жұмыстың біріңғай алгоритмін пысықтауды, еріген қар суы көп жиналатын орындар мен көшелердің тізімін дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар ол ақпан айының басына дейін жеке секторлардағы қарды шығаруды аяқтаудың маңызын атап өтті.

«Аптасына бір рет осындай жиналыс өткізіп, атқарылған жұмыстарды бақылайтын боламыз. Қаланың бірнеше көшесінде суағар жоқ, ал кейбір арықтар қармен, мұзбен бітеліп қалады. Тұрғындардың айтуларынша, көктемде осы көшелерді су басады. Биыл осындай жағдай болмас үшін барлық шараларды уақтылы қабылдау керек», - деді ол.

Мұз жару жұмыстары уақытынан бұрын жүргізілуі мүмкін. Ал су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылатын техникалар сақадай сай.


Соңғы жаңалықтар