Семейде су тасқыны қаупі сейілер емес

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде су тасқыны қаупі сейілер емес. Қызыл су бүгін тағы бір саяжайды басып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су басқан қала шетіндегі "Солнечная долина" саяжайы. Мұнда 800 үй, 100 тұрғын тіркелген. Бірақ бүгінгі күні тек 35 үйде адам тұрады. Ал қалғаны тек жаз мезгілінде ғана келетін көрінеді.

Су 15 үйдің ауласын басқан. Абырой болғанда ішке кірмеген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 11 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 2-уі бала. Эвакуацияланғандардың 8-і №42 мектеп-интернатына жеткізілсе, қалғаны туысқандарының үйіне барған. Оқиға орнында қазір 2 техника мен 10 адам жұмыс істеп жатыр.
null 

"Қазір су басқан саяжай аумақтарында жұмыстар жүргізуде. Зардап шеккен адам жоқ. Барлығы қауіпсіз жерде. Қажетті қызмет көрсетілуде. Жалпы саяжайды су басу қаупі турлы хабар кеше түнде келген. Бірден саяжайға құтқарушылар, құқық қорғау және жедел-жәрдем қызметі жетті. Жағдай бақылауда", - деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел-штабының ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев. 

null 

Соңғы жаңалықтар