Семейде су басқан үйлерді комиссия тексеріп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде арнайы құрылған комиссия су тасқынынан зардап шеккен үйлердің шығынын есептеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір қалалық әкімдік жанынан құрылған комиссия мүшелері қарауына түскен арыз-шағым бойынша үйлерді аралап, бағалауда. Табиғат апаты салдарынан зардап шеккен үйлер бірнеше рет тексеруден өтеді. Арнайы комиссия өз жұмысын қорытындылаған соң әрбір тұрғынның үйіне қатысты мәліметтер жан-жақты тексеріледі. Содан соң мамандар сараптамасының нәтижесі бойынша шығын көлемін анықтап, өтемақы тағайындайды. Құрамында 40 маман бар комиссия мүшесі әзірге тізім бойынша тексеру жүргізуде. Бұл жұмыстар келесі аптада аяқталмақ.

«Біз тек үйдің жағдайын бағалаймыз. Ал шығынды комиссия есептейді. Тұрғындар арыз жазған уақытта баспанасы жайлы толық ақпарат жазады. Сол бойынша біз жұмыстар жүргіземіз. Мамандар тізім бойынша барлық тұрғынның үйіне барып, тексеру жүргізеді. Әзірге нақты ақпарат айта алмаймыз. Бағалау жұмыстары аяқталған жоқ»,-деді бағалау комиссияның өкілі Ақмарал Мұратова.

Сонымен қатар мамандар үйдегі тұрмыстық техникалардың да шығыны өтеледі деп отыр. Бірақ техниканың кепілдік мерзімі өтпеген және тауардың түбіртегі сақталған болуы керек.

Соңғы жаңалықтар