Семейде спорттық-мәдени кешен ашылады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейде таяу уақытта ашылатын спорттық-мәдени кешенді аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешен құрылысының 99% аяқталған, бірақ 1% қалып отыр. Алдымен ашып алып, кейін жауып тастауды қаламаймыз. Сондықтан, барлығы дайын болған уақытта ғана ашылу күні өтеді. Кешенде үйірме қызметі іске қосылмақ, спорттық құрылымдар бар. Мұның бәрі жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті облыс әкімі Д.Ахметов.

Облыс басшысы Қарағайлы жаңа шағын ауданында бой көтерген кешенді аралап, құрылыс сапасына көңілі толатынын айтты. 5 мың орынға арналған спорт нысанын аз уақыттың ішінде жергілікті құрылыс компаниясы салған.

«Бұл кешеннің заманауи талаптарға сай келетін керемет құрылым екенін көріп отырмыз. Ең бастысы – спорт кешені Семей мен облыс тұрғындарына қызмет көрсетпек. Мұнда Қазақстан мен Еуропа чемпионатын ғана емес, әлемдік додалар өткізуге болады», - деді Д.Ахметов.

Авторы Орал Ерланұлы

Соңғы жаңалықтар