Семейде сотталғандар эко-ойыншықтар жасауда
2022 жылғы 2 шілде 02:34

Семейде сотталғандар эко-ойыншықтар жасауда

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы түзету мекемесінде сотталғандар эко-ойыншықтар жасаумен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қатаң режимдегі ОВ 156/14 колониясында сотталғандар жұмыспен қамтылып, жалақы алуда. Олар көптің қызығушылығын тудырып жатқан эко-ойыншықтар жасаумен айналыса бастады.

«Сотталған азаматтар өндірістік цехта экологиялық таза материалдан балаларға арналған ойыншықтар жасауда. Бұл ойыншықтарды әрбір ата-ана жоғары бағалайды. Себебі құрамында улы компоненттері жоқ гипоаллергенді материалдардан жасалатын олар балаға өте пайдалы. Қолмен ұстағанға жағымды, әрі әдемі көрінеді», - делінген ақпаратта.


Түзету мекемесінде осындай кәсіпті қолға алған Нұрбол Серікқалиевтың айтуынша, эко-ойыншыққа деген сұраныс артып келеді.

«Бұл ойыншықтар пластикалық аналогтардан гөрі қымбатырақ. Негізінен эко -ойыншық жасау идеясын сотталушылардың бірі ойлап тапқан еді. Ол менің цехымда екінші жыл жұмыс істеп келеді. Алғашқы ойыншық менің «Instagram» парақшамда сатылымға шығарылды», - деді ол.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT