USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Семейде соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті

2021 жылғы 22 қазан 01:05
Бөлісіңіз:
Семейде соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде  жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы ұсталды Атырау облысындағы жол апаты: Бір адам ауруханада жатыр Ақтөбеде жол апатынан төрт адам зардап шекті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше М.Жұмабаев көшесінде болған.

«Lexus LX570 маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан басты жолға шыға бергенде Mitsubishi Outlander көлігіне жол бермей қойған. Соққы салдарынан Lexus көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ғимаратқа соғылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Зардап шеккен адам Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT