Семейде соғысқа қатысқан қазақстандықтар жөніндегі деректі фильм түсірілуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына түсірілімдер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кинорежиссер, ҚР КСРО Кинематографтары кеңесінің мүшесі, ҚР еңбегі сінген өнер қайраткері Николай Раисов «Соғыстың 60 күні» деректі фильмін түсіруде. 

Фильмде Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан қазақстандық дивизиялар жайлы әңгімеленеді.
Онда Алматыда құрылған 316-шы атқыштар дивизиясы, Ақтөбеде құрылған 312-ші атқыштар дивизиясы, сондай-ақ, соғыс жылдары Калужск-Тульск бағытындағы Мәскеуге апаратын оңтүстік-батыс шатқалын қорғаған Семей облысында құрылған 238-ші атқыштар дивизиясы жайлы баяндалады. Олар Мәскеу түбіндегі шайқаста ерліктері үшін 30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы атағын алған.
Семей облысы аумағында екі атқыштар дивизиясы құрылған, оның бірі 238-ші атқыштар дивизиясы, кейіннен 30-шы гвардиялық атағын иемденген.
Бұл дивизия 1941 жылы көктемде Алматы, Қарағанды, Семей облысы аумағында құрылды. Жеке құрамы 75 пайыз негізінен қазақтардан болған. Ал, дивизия штабы Семейде орналасқан.

null«Фильм түсірілімі Мәскеуде, Алексина қаласында, Алматыда, Ақтөбеде және Семейде өтті. Түсірілім тобы Мәскеу түбіндегі ұрысқа қатысқан ҰОС ардагерлерімен жүздесіп, соғыс куәгерлері болған Подмосковье тұрғындарымен кездестік.
Ол кезде Подмосковье тұрғындары кішкене бала болатын. Алайда сол жылдар олардың жадында қалды», - дейді деректі фильм режиссері Николай Раисов.

Режиссер Ресей мен Қазақстанның әскери даңқ мұражайында болумен қатар өңіріміздің тарихи-өлкетану мұражайына да ат басын тіреген.
Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жауынгерлердің жеке заттары, соғыс жылдардағы әскери қару мен тұрмыс құралдары, майдан даласынан жіберілген хаттар мен фотолар, орден мен медальдар сақталып тұр.
Жауынгерлік және еңбек даңқы бөлімінде 238-ші атқыштар дивизиясына арналған экспозициялар бар. Осы экспозиция фонында деректі фильмнің басты түсірілімдері өткен. Н.Раисов бастаған түсірілім тобы фильм дайын болысымен, қалаға әкеліп семейліктердің назарына ұсынуға уәде етті.

Соңғы жаңалықтар