Семейде скутер мінген жігіт әйел адамды қағып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде скутер (мопед) бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Қаржаубайұлы көшесінде орын алды. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қармастан скутер жүргізушісі өтіп кетпек болған. Алайда жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан 40 жастағы әйел адамды қағып кетті. Оқиғадан соң кінәлі қашып кетпекші болған. Бірақ сол жердегі көлік жүргізушілері жол бермеген. Оқиғаның видеосы Инстаграмда жарияланды.

Кейін зардап шегуші әйел ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, іс қозғалды.

«Racer маркалы скутерді тізгіндеген С. есімді жүргізушінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша іс қозғалды. Хаттама толтырылып, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Семей қалалық ІІБ-нің баспасөз қызметі.

Видеодан алынған скриншот

Соңғы жаңалықтар