Семейде сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында сібір елігін заңсыз аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңсыз аңшылыққа бірнеше адам шыққан. Оларды табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің қызметкерлері патруль кезінде қолға түсірді.

«Браконьерлердің мемлекетке келтірген шығын көлемі 2,083 миллион теңгені құраған. Процессуалдық шешім қабылдау үшін барлық материалдар Семей қалалық полиция басқармасына жолданды» делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мамандары таратқан мәліметте.

Айта кетейік, бұл резерват ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Мұнда аң аулауға тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар