Семейде шұңқырға құлаған бие мен құлын құтқарылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Степной кентінде құтқарушылар шұңқырға құлаған екі жылқыны алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен жылқыларға көмекке келді.

Степной кентінде жылқылар шұңқырға құлап, өз бетімен шыға алмай қалған.

Мал иесі де ештеңе істей алмаған соң құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұрады.

«Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Олар альпинистік жабдықтардың көмегімен жылқыларды байлап, шұңқырдан алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жылқыларға ешқандай зақым келген жоқ.

Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына өз жануарларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.



Соңғы жаңалықтар