Семейде Шіліктіден табылған «алтын адамның» көшірмесі жасалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Шіліктіден табылған «алтын адамның» көшірмесі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Көшірмені әзірлеу үшін суретші-реставратор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері әрі академигі Алтынбек Қырым жарты жыл бойы қалпына келтірумен айналысты. Қаладағы өлкетану музейінде бірегей экспонаттың тұсаукесері өтті.

Жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген сауыт 4 мың алтын жалатылған бұйымнан жасалған.

Естеріңізге сала кетсек, Шіліктідегі «алтын адам» 2004 жылы табылған болатын. Оның жерлеу мерзімі біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырға жатады. Демек Шіліктіден табылған «алтын адам» Есіктегіден 400 жылға үлкен.- «Бұл өте біз үшін тарихи маңызды оқиға деп айтуға болады. Өйткені «алтын адамның» тарихын семейліктерге, қала қонақтарына, өскелең ұрпаққа таныстыру - міндетіміз. Өйткені бұл - қазақтың тарихы. Сондықтан қазақтың тарихын білу, оны жастарға үйрету - біздің парызымыз», - деді облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ләззат Әлжан.

Соңғы жаңалықтар