Семейде шаруа қожалығынан 36 бас мал ұрлаған ер адам ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдегі шаруа қожалығынан 36 бас мал ұрлаған ер адам құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына жергілікті шаруа қожалығының 46 жастағы басшысы хабарласқан.

Өз сөзінде ол белгісіз біреулердің еркін жайылымнан 36 бас ұсақ малын ұрлап кеткенін жеткізді.

Осының салдарынан жәбірленушіге келген материалдық залал мөлшері шамамен 1 500 000 теңгені құраған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Мал ұрлығын көрші қожалықтардың бірінде жұмыс істейтін 54 жастағы адамның жасағаны белгілі болды. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұсталған адам қолхатпен босатылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар