Семейде «Сергек» камералары орнатылуда

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Сергек» камералары орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде «Сергек» фото-бейнетіркеу жүйесі енгізілуде.

«Жалпы шаһар бойынша 40 жол қиылысында және 74 желілік учаскеде 1551 камера орнатылады. Сондай-ақ 687 бейнебақылау камерасы және қолданыстағы 88 (оның ішіндегі 65-і білім беру нысандарында) камера осы жүйеге интеграцияланады», - делінген ақпаратта.

Бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары 23 наурызда басталған. Бұған дейін Семейде Өскемендегі ситуациялық орталықта жазбаны тікелей көрсететін 20 камера орнатылған.

Айта кетейік, байланыс арнасын ұйымдастыруды, жабдықтарды жеткізу және монтаждау жұмыстарын осы жылдың 15 мамырында аяқтау жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар