Семейде саунада жеңгетайлықпен айналысқан зейнеткер сотталды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында саунада жеңгетайлықпен айналысқан зейнеткер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі пробация қызметіне 62 жастағы әйел есепке алынды. Ол қаладағы сауналардың бірінде интим қызметті ұйымдастырған. Әйел саунада әкімші болып жұмыс істеген.

«Саунаға К. есімді азамат клиент ретінде келіп, сотталған А-дан интимдік қызмет алу мүмкіндігі бар-жоғын сұраған. Оған әйел осы саунаның ішінде орналасқан бөлмеде интимдік қызмет көрсететін Б. есімді «жұмысшымен» кездесу ұйымдастырған. Осыдан кейін олар сағатына 15 мың теңге сомасына келіскен. Сауна әкімшілігі жеңіл жүрісті қызға көрсеткен «қызметі» үшін 3 мың теңге төлеген. Ақшаны төлегеннен кейін К. есімді клиент «102» арнасына қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлады», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша әйел ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық жауапқа тартылды. Сот үкімімен ол екі жылға бас бостандығынан шектелді.


Соңғы жаңалықтар