Семейде сарбаздар шаңғы жарысынан сынға түсті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде сарбаздар шаңғы жарысынан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әскери қызметшілер арасында шаңғыдан чемпионат өтті. Жарысқа 15 команда қатысқан. Олар белгіленген қашықтықты уақытқа еңсеріп, бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 36803 әскери бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды – 10181, үшінші орынды – 28738 әскери бөлімінің қызметкерлері иеленді.

«Табиғатта жаман ауа-райы болмайды. Қыста спортпен шұғылдану деген бір ғанибет. Осындай сайыстар жиі өткізіліп тұрса дейміз», - дейді жарысқа қатысушы сержант Әсем Жәкенова.

Чемпионат жеңімпаздары Қарулы Күштердің Щучинск қаласында өтетін спартакиадасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының атынан өнер көрсетпек.


Соңғы жаңалықтар