Семейде салынып жатқан жаңа мешітке Абайдың есімі беріледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде тұрғызылып жатқан мешітке Абайдың есімі беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімі Ермак Сәлімовке сілтеме жасап.

Шаһар басшысы мешіт құрылысы қарқынды жүріп жатқанын және 2020 жылы, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілетінін жеткізді.

«Мешіт Абайдың есімімен аталады», - деп атап өтті қала Ермак Сәлімов баспасөз мәслихатында.

Қала басшысы, сонымен қатар, мешіттің бүкіл аумағы қалаға тиесілі екенін айтып өтті. Мешіт айналасын абаттандыру үшін құжаттар дайын тұр. Жаңа мешітке апаратын екі көпір салынады.

Еске сала кетейік, құлшылық үйінің құрылысы 2008 жылы басталған. Дегенмен, түрлі себептермен соңына дейін тұрғызылып бітпеді. Сақалды құрылысты жақында жергілікті құрылыс компанияларының бірі қолға алды. Мешіттің алтын күмбездері Алматы қаласынан әкелінген. Мұнара биіктігі – 37 метр болады. Жоба бойынша ғибадатхана 2700-3000 адамға арналған.



Соңғы жаңалықтар