Семейде Рубик текшесін құрастырудан жарыс өтті

None
None
 СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Рубик текшесін құрастырудан кезекті біріншілік өтті. Жарысқа республиканың әр аймағынан 60-қа тарта ойы жүйрік зияткерлер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Біріншілік Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен өтті. Бұл  "KSF Semey City 2018"  - "KSF City" біріншілігі сериясына енетін ауқымды жарыстың бірі. Бекітілген талап бойынша біріншілік Қазақстанның барлық 16 қаласында өтуі керек. Бұл жолғы жарысқа  "Удивительные люди" телешоуы 2-ші кезеңінің жеңімпазы, 5х5 рубик текшесін көзді жұмып құрастырудан әлемнің 6 мәрте рекордшысы, Еуропаның 2 дүркін чемпионы, ресейлік Роман Страхов, WCA (World Cube Association) арнайы өкілі ретінде Мария Жиц арнайы келді.

«Мен бұл жолы жарысқа қатысушыдан бөлек, ұйымдастырушы ретінде келіп отырмын. Алғашқы сапарымда семейлік балалардың рубик текшесіне деген қызығушылығын көріп таңғалғаным рас. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар санына қарап, рубик текшесінің Қазақстандағы болашағы зор деп айта аламын», -дейді Роман Страхов.

2 күнге созылған жарыс WCA (World Cube Association) бекіткен 14 түрлі тәртіппен өтті. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Олардың кішісі - 9, ересегі - 39 жаста.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан берілген медаль, мақтау қағазы және арнайы ақшалай сертификаттарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар