Семейде ПТР тестінің жалған анықтамасын қолданған ер адам жауапқа тартылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны ПТР тестінің жалған анықтамасын қолданғаны үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ПТР тестінің жалған анықтамасымен жұмыс орнына кірмек болған ер адам сотталды. Оқиға өткен жылдың күзінде болған.

Сот барысында ол кінәсін мойындап, істеген ісіне қатты өкінетінін айтты. Судья шешімі бойынша қала тұрғыны 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Үкім шыққан соң ер адам пробация қызметіне есепке қойылды. Оны қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жолдадық. Енді ол күн сайын 4 сағаттан қоғамдық орындарда қар күреп, қоқыс жәшіктерін тазалайды. Егер ол қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарса, онда бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.


Соңғы жаңалықтар