Семейде пойыз қаққан 29 жастағы жігіт көз жұмды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында пойыз қаққан ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға «Спартак» стадионы маңындағы теміржолда болды.

29 жастағы азаматты тепловоз қағып кеткен.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Семей стансасының желілік полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.



Соңғы жаңалықтар