Семейде полиция ғимаратының жанында жол апаты болды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде жол апатынан 3 көлікке зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты Семейде 1 қыркүйек күні сағат шамамен 09:38-дер шамасында болған.

«Kia Rio» көлігінің 64 жастағы жүргізушісі Ибраев көшесінен Б.Момышұлы, яғни басты жолға шығып келе жатып, 36 жастағы азамат басқарып келе жатқан Lexus LX 570 маркалы көлігімен соқтығысқан. Lexus LX 570 қатты соққыдан аударылып, 45 жастағы азамат басқарып, Б.Момышұлы көшесімен келе жатқан Toyota LC 150 көлігін соққан»,-деп түсіндірді патрульдік полиция қызметкерлері.

Полициядан қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны және оның нәтижесі бойынша, әкімшілік шара қолданылатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар