+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

2021 жылғы 24 қаңтар 14:06
Бөлісіңіз:
Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2 полиция қызметкері 4 адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өрттің қалай шыққаны белгілі болды Ақтау полицейлері ауруханадағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады СҚО полициясында 400-ге жуық қыз-келіншек қызмет атқарады

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 қаңтарда сағат 02.48-де Пархоменко көшесіндегі жер үйден өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалын үйдің кіреберісі мен шатырдың ағаш құрылымдарын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрге жеткен.


«Өрт сөндірушілер келіп жеткенше сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері Диас Ағзамов пен Азамат Ибрайханов терезе арқылы ішке кірген. Жедел қимылдаған сақшылар 1963 жылғы ер адамды, оның 1967 жылғы әйелін, 18 жастағы ұлын және 90 жастағы әкесін сыртқа алып шықты. Оларға ешқандай зақым келген жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық режимі немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Дана Телятникова Каз
Дана Телятникова Каз
954-059

MURAǴAT