Семейде ПИК «қызметкерлері» кейуананы тонап кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 96 жастағы зейнеткердің пəтерінен ақша жымқырған алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

96 жастағы қала тұрғыны полицияға шағымданған. Оның айтуынша пәтеріне 40-50 жас шамасындағы әйел мен ер адам келген, олар өздерін «ПИК қызметкеріміз» деп таныстырған. Кейін шкаф ішіндегі 50 мың теңгесі бар әмиянды ұрлап кеткен.

«Полиция қызметкерлері үйлерді, аралап тексеру кезінде күдіктілерді ұстады. Олар 1962 және 1978 жылғы қала тұрғындары екені белгілі болды. Тергеу кезінде кінәларын толығымен мойындады», -д елінген Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 191-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін күдіктілердің біреуі жалпы сомасы 310 мың теңгенің затын ұрлағаны анықталды. Ол 2018 жылдың тамыз айында дәліз терезесін сындырып үйге кіріп, алтын бұйымдарды ұрлаған.

Соңғы жаңалықтар