Семейде перинаталды орталықтың жаңа корпусы ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында перинаталды орталықтың жаңа корпусы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ғимарат Жамақаев көшесі 100/а мекенжайындағы бұрынғы медициналық жедел жәрдем ауруханасының хирургия корпусында ашылды.

Мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы»бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілген. Бұл мақсатқа мердігер «Байсын-А» ЖШС-ға 713 млн теңге бөлінген. Пациенттерді қабылдау ертеңнен басталады.

«Бұл - болашақ аналарды қабылдайтын мекеме. Мұнда 85 орын қарастырылған. Аса қауіпті жағдайдағы аналар бірінші корпуста болса,ал мында ешқандай потологиясы жоқтар қабылданады. Осы жерде бұрын болмаған орталық зарарсыздандыру бөлімшесі және бак-зертхана ашылды. Облыстық бюджеттен қаржыландыру негізінде ғимарат ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жүкті әйелдің өзі үшін де, оның туыстары үшін де барлық қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Біз науқастарды қабылдап, жұмыс бастауға дайынбыз», - дейді перинаталды орталықтың бас дәрігері Архат Дайырбеков.

Семейдегі перинаталды орталық қала және жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына қызмет көрсетеді. Оның 3 корпусы бар.

Біріншісі аса қауіпті топтағы пациенттерді қабылдайды.

Ал үшінші корпустың ашылуы осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар