Семейде пәтерге қамалған бала құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласында пәтерді ішінен жауып алған бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 00:46-да болған. Түнгі кезектен келген жұбайын жеделсатыдан күтіп алуға шыққан ер адам, есікті ашық қалдырып кетеді. Соның арасынша 2 жасар баласы есікті жауып үлгерген. Автоматты құлып сарт еткен кезде ғана үй иесі өзімен бірге кілт алып шықпағанын есіне түсіреді.

Оқиға орнына №2 құтқару жасағы жетіп, баланы аман құтқарған.

«Ата-аналардың баласын жалғыз қалдыру салдарынан тосын оқиғалар көбейіп барады. Соның көбі жарақатпен аяқталып жатады. Семей қаласы бойынша жыл басынан бері құтқарушылар 35 баланың өміріне араша түскен. Ата-аналар қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаса екен», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Анастасия Скляр.

Соңғы жаңалықтар