+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Семейде парамен ұсталған бөлім басшысы 9 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

2020 жылғы 20 ақпан 21:44
Бөлісіңіз:
Семейде парамен ұсталған бөлім басшысы 9 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жүйелі түрде пара алып келген Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жақында Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сәлімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған еді. Ол 2019 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін эскиздік жобалар мен ситуациялық схемаларды келіскені үшін жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Семей қаласы № 2 сотының үкімімен Сәлімов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, оған 8 785 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT