+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Семейде «өзін тонаған» қыз 7 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

2018 жылғы 10 тамыз 09:50
Бөлісіңіз:
Семейде «өзін тонаған» қыз 7 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 21 жастағы семейлік студент қыз өзін тонап кетті деп полицияға жалған арыз түсірген. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО ІІД мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 11.00-де қыз орталық полиция бөліміне автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп, тартып әкетті деп арызданған. Сөмкеде 200 мың теңге ақша мен банк карточкалары болған.

Факті бойынша жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылады. «Тонау» бабына сәйкес сотқа дейін тергеу амалдары басталады. Алайда, тергеу барысында қыз баланың орын алған оқиғаны ойдан шығарғаны анықталды.

Сөйтсе қаржының бәрін керегіне жаратып қойған ол осындай амал ойлап тапқан. Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі (Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Енді ол жалған ақпарат бергені үшін 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бағым Ғалымбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT