Семейде отқа оранған дүкеннен 30 жастағы әйел құтқарылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында өртке оранған дүкен ішінен әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, бүгін сағат 10 шамасында Семей қаласы Некрасов көшесі бойындағы матрац сату дүкенінде өрт шықққан.

Оқиға орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер дүкен іші қатты түтіндегенін анықтады.

Ғимаратқа кірген газтүтіннен қорғау қызметі улы түтін арасынан көмірқышқыл газынан уланған 1991 жылғы әйел адамды тауып, тез арада қауіпсіз жерге шығарды.

14 сағат 39 минутта өрт толық сөндірілді. Барлығы 56 өрт сөндіруші және 12 арнайы техника жұмылдырылды.

Жалынды сөндіруді улы түтін және көру мүмкіншілігі жоқтығы қиындатты.

Өрттің алдын ала ауданы - 290 шаршы метр.

Тілсіз жаудың себебі - өртке абайсыз болу және электрқондырғыларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар