Семейде өрттен қарияны құтқарып қалған азамат марапатталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өртенген үйден қарияны құтқарып қалған азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде жер үйде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін үй иесінің сол маңда тұратын туысы Андрей Матвеев көмекке ұмтылды.

«Көк түтінге оранған үйден 67 жастағы зейнеткер шыға алмай қалған. Сол кезде Андрей терезені шағып, ішке кіреді. Еденде жатқан үй иесін тауып, оны сыртқа алып шыққан. Сын сағатта батылдық танытқан Андрей Матвеев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хатымен марапатталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 41 жастағы ер адам 2 бала тәрбиелеп отыр.



Соңғы жаңалықтар