+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Семейде өрттен екі бала ажал құшты

2019 жылғы 2 сәуір 02:13
Бөлісіңіз:
Семейде өрттен екі бала ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Семей іргесіндегі ауылда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суық бастау елді мекенінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта орналасқан пәтердің іші өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың денесі табылған.

Алдын ала болжам бойынша, олар түтінге уланып көз жұмған.

Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ, көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. 14:56-да өрт ауыздықталып, 15-12-де толықтай сөндірілген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT