Семейде өрттен 55 жастағы ер адам көз жұмды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жекеменшік үйден шыққан өрт салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиға Жамбыл көшесі, 136 мекенжайында орналасқан жеке сектордағы үйде орын алды. Жалын шарпыған жалпы аумақ - 150 шаршы метр. Құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру кезінде үй ішінен 55 жастағы ер адамның денесін алып шықты. Қазір мамандар өрттің нақты шығу себептері мен шығын көлемін анықтап жатыр. 

«Өрттен үй ішіндегі жиһаз, киім-кешек, тұрмыстық техника мен есік-терезелер жанып кетті. Ал көз жұмған азамат - пәтер иесінің туысқаны. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт электр тоғының тұйықталуынан шыққан» делінген қалалық ТЖБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 330 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 6 адам көз жұмған. 263 адам құтқарылса, оның 56-сы - балалар. 

Соңғы жаңалықтар