Семейде өрттен 2 адам ажал құшты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат -  Семейде тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі адам ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға «Уранхаев, 20» мекенжайындағы 5 қабатты тұрғынүйдегі пәтерде тіркелді. Ведомствоның дерегіне қарағанда, өрт ауыз үйден шыққан. Салдарынан пәтердегі жиһаз, жеке заттар мен ағаш құрылымдар жанып кетті. Тілсіз жау 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру кезінде үй ішінен 67 жастағы ер адам мен 59 жастағы әйел адамның мүрдесін алып шықты. Қазір мамандар өрттің нақты шығу себептері мен шығын көлемін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайдың орын алуына электр тоғының тұйықталуы себеп болған.

«Өрт туралы хабарды куәгерлер берді. Үй иелері ұйықтап жатып, өрт шыққанын сезбеген. Салдарынан көк түтінге уланып қалған. Қазір өрттің нақты себебі тексеріліп жатыр» делінген хабарламада.  

null 

Соңғы жаңалықтар