Семейде өртенген пәтерде қалып қойған 5 жасар баланы көршісі құтқарды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өртенген пәтерде қалып қойған 5 жасар баланы көршісі құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 16 қыркүйекте сағат 18.55-те 408 квартал көшесінде шықты.

Бесінші қабатта орналасқан пәтерде кілем жанған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көрші Святослав Бикетов есікті ашып, 5 жасар баланы сыртқа алып шыққан. Содан кейін ол жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған қызыл жалынды өз бетімен ауыздықтады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жанған азық-түліктен жеңіл дәрежеде уланған бүлдіршінді ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығуына – баланың отты абайсыз қолдануы себеп болды.


Соңғы жаңалықтар