Семейде өртенген орман алқабын «Жасыл ел» сарбаздары көгалдандыруда

None
None
  СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымы басталды.  Биылғы еңбек жасағының алғашқы маусымына 30 жас тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Енді "Жасыл елдің" жастары алдағы үш ай бойы қаланы көркейтіп, гүлдендіру жолында еңбек етеді. Жастарды жұмыспен қамту бойынша қаладағы  «Семей орманы» табиғи резерватымен және «Зеленстрой» серіктестігімен келісімшарттар жасалған. 

Жасақ мүшелері  алдымен өртенген орман аумағын көгалдандыруды қолға алды.  Содан кейін  қаладағы демалыс саябақтарын абаттандырумен айналысады.

null«Семей қаласы бойынша жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар жұмысқа қабылданды. Олар қаламызды көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Айлық жалақылары 60 мың теңгенің үстінде болады. Яғни, келісімшарт бойынша жұмыс беруші де қосымша ақша төлейді. Осылайша олардың өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар», - дейді  «Жастар» ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай.

 «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы биыл қалада 18-29 жас аралығындағы 100-ден астам жұмыссыз жас жаз мезгілінде екі қолға бір күрек табады деп жоспарлануда. Алдымен аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан жастар қабылданған. Барлығымен еңбек келісімшарты жасалды. Енді үш ай бойы жас сарбаздар қоршаған ортаның көркеюіне септігін тигізеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар