+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Семейде өрт сөндірушілер жалын шарпыған дүкеннен 6 газ баллонын шығарып үлгерді

2021 жылғы 30 шілде 11:51
Бөлісіңіз:
Семейде өрт сөндірушілер жалын шарпыған дүкеннен 6 газ баллонын шығарып үлгерді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өрт сөндірушілер жалын шарпыған дүкеннен 6 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық өрт сөндірушілер 200 гектар аумақты шарпыған жалынды сөндірді Елордада құрылыс алаңындағы қоқыстан өрт шықты Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Гагарин көшесіндегі дүкенде шатырдың ағаш құрылымдары мен нан пісіретін электр пеші өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған. Қызыл жалынды ауыздықтау барысында құтқарушылар дүкеннен 6 газ баллонын сыртқа алып шықты. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті өшіруге жеке құрамнан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылған. От электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан шығуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT