Семейде өрт салдарынан екі адам қаза тапты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде тұрғын үйде болған өрттен 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма дерегі бойынша, өрт 21 наурыз күні  сағат 08:01-де М.Әуезов даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйде шыққан. 4-қабаттағы пәтерден шыққан өрт туралы құтқарушыларға көршілері қоңырау шалған. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыды.

Тілсіз жауды өшіру кезінде құтқарушылар пәтерден  2 адамның мәйтін алып шықты. Тексеру барысында марқұмдар 75 жастағы кейуана мен оның 41 жастағы ұлы екені белгілі болды. 

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша,  өрттің шығуына мас күйде ұмыт қалдырылған темекі тұқылы себепші болған.

Тілсіз жауды сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен 13 маманы жұмылдырылды.   

Соңғы жаңалықтар