Семейде өрт аймағында жедел жәрдем дайын тұр, түтіннен уланған бір адам ауруханаға жатқызылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында ормандағы өртке байланысты медициналық алғашқы көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадалары ұйымдастырылып, стационарларда резервтік төсек-орын дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аудандық аурухананың пациенттері Бородулиха ауылынан Жезкент кентіне және Семей қаласының СМКА көпбейінді стационарына көшірілген.

Медициналық техниканы эвакуациялауға дайындалып жатыр.

Көміртегі тотығынан уланып, ес-түссіз жатқан 39 жастағы ер адам Семей ауруханасына жеткізілді және оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Жағдайы орташа ауыр.

Қатты түтін тараған елді мекендер аймағында халық толығымен эвакуацияланды.

Каштак ауылына Семей қаласынан екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді, Семей қонақ үйінің жанындағы эвакуациялық пункте бір бригада кезекшілік етеді.

Барлық эвакуацияланған пациенттер Семей ауруханаларына жатқызылады, ол үшін қосымша бригадалар орналастырылады.

Бүгін Үкімет тобының құрамында Абай облысына Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ұшып келді.

Облыста ТЖ жағдайында барлық деңгейде қажетті медициналық көмек көрсетуге толық дайындық бар.


Соңғы жаңалықтар