Семейде орман өртеніп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт бүгін сағат 14.00-де шықты. «Красный кардон» ауданындағы орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп тұтанып, өрт орманға көшкен. Қзір өрт сөндіріліп жатыр, ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге жалынның қайдан және қалай шыққаны белгісіз.

nullҚазір қызыл жалынды ауыздықтау үшін орман шаруашылығы, өрт сөндіру бөлімінің 6 арнайы техникасы мен тікұшақ жұмылдырылды.

Дегенмен көк түтін орманға жақын орналасқан үйлерге жетіп үлгерді.null

«Қазір тікұшақ өртті жоғарыдан бақылауда. Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт қалаға жетпес үшін барлық құтқару қызметі жұмылдырылды»,-деді Шығыс Қазақстан обылысы ТЖД-ның баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.  

Соңғы жаңалықтар