Семейде Ораза айт намазы кезінде санитарлық талаптар қатаң сақталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Ораза айт намазы санитарлық талаптарды сақтай отырып оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін барша мұсылман қауым қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт мерекесін атап өтуде.

Осы орайда Семей шаһарында жаңадан бой көтерген Абай атындағы мешіт ауласында айт намазы алғаш рет оқылды.

«Ораза айт мерекесін ерекше атап өтіп отырмыз. Мешіт ауласында таза ауада айт намазын оқыдық. Барлық мұсылмандарды осы қасиетті мерекемен құттықтап, әр отбасына амандық тілеймін. Намаз кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Аула аумағы намаз оқитын әрбір адамға 4 шаршы метрден бөлінген. Бұған дейін бірнеше күн бұрын карантиндік шектеулерді сақтау қажеттігі жайлы халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Айта кетейік, өткен жылы эпидемиологиялық ахуалға байланысты мешіттерде дәстүрлі Ораза айт намазы оқылмаған еді.


Соңғы жаңалықтар