Семейде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласы мен Жарма ауданында оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Білім басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың 26 қарашасы күні Семей қаласында көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына, сондай-ақ Жарма ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар үшін сабақ болмайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, Семей қаласында көктайғаққа байланысты 24 қараша күні екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқыған жоқ.

«Қазгидромет» РМК-ның ШҚО бойынша филиалы 24-25 қараша күндері өңірде жауын жауып, көктайғақ болатынын, жекелеген аумақтарда бұрқасын мен тұман күтілетінін хабарлаған еді. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста бірнеше күннен бері автожолдар жабылуда. 

Соңғы жаңалықтар