Семейде оқушы тасымалдайтын автобустардың не себепті азайтылғандығы түсіндірілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында оқушы тасымалдайтын автобустардың не себепті азайтылғандығы түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде оқушы тасымалдайтын қоғамдық көліктер санының азайтылғандығы қызу талқыға түсіп жатыр.

«Таңертең автобустар лық толы. Сабаққа кешігіп қалмас үшін аялдамаға бір жарым сағат ерте бару керек. Соның өзінде автобусқа сыймай қалатын кездер аз емес», - деп жазуда желі қолданушылары.

Осыған орай қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко түсінік берді. Оның айтуынша, қоғамдық көлік саны осыған дейін эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты ұлғайтылған.

«Бүгінгі таңда жағдай тұрақты. Мектептер оффлайн режімде жұмыс істеуде. Осылайша, қалалық маршрут желісінен оқушы тасылмалдау үшін алынған 25 автобус өз маршруттарына оралады», - деді Н. Фесенко.


Соңғы жаңалықтар