Семейде оқушы қызға бейәдеп қылық танытты деп айыпталған мұғалімнің кінәсі дәлелденбеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде оқушы қызға көз қиығын салып, бейәдеп қылық танытты деп айыпталған денешынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Семейдегі № 30 мектептің жетінші сынып оқушысы денешынықтыру пәнінің мұғалімі өзіне «қырындағанын» айтып, директорға арызданған. Кейін қыздың ата-анасы осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына шағым түсірген еді.

Аталған шағым негізінде «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалды. Осы кезде тергеу жұмыстары аяқталып, мұғалімнің әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық деректерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Ал уақытша жұмыстан шеттетілген ұстаз жұмысына қайта кірісті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қаралды. Тергеу нәтижесінде мұғалімнің тарапынан ешқандай құқықбұзушылық әрекет анықталған жоқ. Сондықтан іс тоқтатылды», - деді ШҚО ІІД басшысының орынбасары Мұратжан Шакеров.

Соңғы жаңалықтар