Семейде оқшаулау режимін бұзған 10 адамға айыппұл салынды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өзін өзі оқшаулау режимін бұзған 10 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10-23 тамыз аралығында оқшаулану тәртібін елемеген 10 адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.

«Қазіргі уақытта өңір аумағында «Ashyq» жобасына 7396 нысан қатысуда. Оның ішінде 542-і әзірге сынақ режимінде. Күн сайын мониторингтік топтар карантин режимінің бұзылмауына және бизнес нысандарының шектеу шараларын сақтауына қатысты тексеру жүргізуде. Осыған дейін жобаға қатысып отырған 58 нысанда бұзушылық фактілері анықталған», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, департамент мамандары үй карантиніндегі облыс тұрғындарын талапты сақтауға шақырады. Сондай-ақ науқаспен байланыста болған азаматтар басқаларға вирус жұқтырмас үшін оқшаулау режимін қатаң ұстануы тиіс.


Соңғы жаңалықтар