Семейде облыстық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде облыстық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл бесінші рет өткізілген шараға аудан және қала мектептерінен 15 әскери спорттық клуб қатысты. Бұл сайыста өңірлік үздік оқушылар республикалық «Айбын» әскери патриоттық жиынына іріктеледі.

Жастар жылы аясында ҚР Қарулы күштерінің ұйымдастыруымен өткен жиынның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа әзірлеу.

«Жарыс болашақта отанын қорғайтын азаматтарды тәрбиелейді. Әр мектеп жоғары деңгейде дайындық жүргізіп, сайысқа ең мықты құрамалар қатысуда», - деді Әскери-спорттық клубтар федерациясының төрағасы Серік Түсіпов.

150 оқушы автоматты құрастыру, кермеге тартылу, қорғаныш киімін жедел кию, жерден кеудені көтеру, мылтық ату және әскери эстафета сияқты сайыстар бойынша күш сынасты.

«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының нәтижесінде ​ І орын Шəкəрім атындағы көпбейінді гимназияның «Жас қыран» әскери спорттық клубына бұйырды. Ибраев атындағы орта мектептің «Жас ұлан» әскери спорттық клубы 2-орында, Электротехникалық колледжден келген «Патриот» командасы үздік үштікті қортындылады.

Жарыс жеңімпаздары Қарағанды облысы Спасск оқу - жаттығу орталығында өтетін республикалық жиында облыс намысын қорғайтын болады.

Фото: aibyn.kz

Соңғы жаңалықтар