Семейде нөсер салдарынан жеке меншік сектордағы көшелер мен аулалар су астында қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат -Семейде нөсер жаңбыр мен бұршақ салдарынан жеке меншік сектордағы көшелер мен аулалар су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР ІІМ  ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 маусымда Семейде  нөсер салдарынан жеке меншік сектор аумағында көлік жолдары мен аулаларды су басқандығы жөнінде «112» желісіне қоңырау шалынған. Зардап шеккендер жоқ»,-делінген ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта Семей қалалық ТЖБ қызметкерлері коммуналдық қызмет арқылы келтірілген шығын көлемін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті атқару органдарының күшімен  суды тартып шығарып жатыр. Коммуналдық қызметтің мәліметтері бойынша электр желілеріне  зақым келмеген. 

Фото: ustinka.kz

Соңғы жаңалықтар