Семейде Наурыз мейрамына орай 200-ден астам шара өтеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Ұлыстың ұлы күніне орай 200-ден астам шара өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, наурыздың 14-і мен 23-і аралығында Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары әзірленген.

«Барлығы 200-ден астам шара жоспарланып отыр. Көрісу күні, Жайлау күні, Шежіре күні, Тарихқа тағзым күні, Игі істер күні, Шымырлық пен шеберлік күні, Зияткерлік күні, Ұлттық тағамдар күні аталып өтіледі. 22-і күні Арбатта мерекелік концерт өтеді. Бұлақтарды тазарту бойынша «Таза табиғат» акциясы, экологиялық сағат ұйымдастырылады», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мүгедек және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды құттықтап, қайырымдылық концерттері өткізіледі. Бейімдеу орталығының бүлдіршіндеріне арналған шеберлік сабақтары және Ф.М.Достоевский музейінде балалар концерті болады.

Шаһардың бес түрлі жерінде жиырмаға жуық киіз үй орнатылмақ. Бұдан бөлек, мереке күні Достық үйінің жанында «Достық дастарханы» ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар