Семейде мумияға айналған ер адамның мәйіті табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде Гете көшесіндегі жылу магистралін ауыстыру жұмыстары кезінде құрылысшылар ер адамның мәйітін тауып алды, деп жазады altaynews.

Адамның денесі экскаватордың қалағының астынан шыққан. Құрылысшылар дереу тиісті орындарға хабарлаған.

Оқиға орнына келген мамандар мәйіттің ол жерде ұзақ жатқанын, сол себепті денесі шіріп, мумияға айнала бастағанын анықтаған.

Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуынша, аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар