Семейде мидың қатерлі ісігіне инновациялық ота жасалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде заманауи әдіспен жасалған кезекті ота сәтті аяқталды. Бұл жолы инновациялық ота мидың қатерлі ісігіне жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлер 49 жастағы қала тұрғыныныңбас миының сол жақ самай бөлігіндегі ісікті алды. Азаматша Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің госпиталіне бассүйек-ми жарақаты диагнозымен түскен. Тексеру кезінде дәрігерлер басында үлкен ісіктің бары анықталады. Осыған байланысты нейрохирургтер екі кезеңді ота жүргізу туралы шешім қабылдайды. Алғашқысында бастың күре тамырларына эмболизациялау амалдары қолданылды. Яғни, шиыршық тәсілімен ісіктің ұлғаюына себепкер түтікшелер жабылып, қан айналымы уақытша тоқтатылды. Бұл екінші отаны жасауда қанды жоғалтуға жол бермеді. Осылайша, навигациялық жүйенің көмегімен қатерлік ісік алынып тасталды. Күрделі отаны жоғары санатттағы нейрохирург дәрігерлер Алтай Құлтұманов пен Төлеуғали Қойшыбаев жасады.

«Навигациялық жүйе - ми қан тамырларына зақым келтірмеуге септігін тигізді. Осы әдістің өңірімізде енгізілгеніне көп уақыт болған жоқ. Бірақ нәтижелері жаман емес. Бірінші операция университет госпиталінің рентгенэндоваскулярлық зертханасында жүргізілді. Енді науқас оңалту кезеңінен өтіп, нейрохирургтердің бақылауында болады», - деді Төлеуғали Қойшыбаев.

Соңғы жаңалықтар